7-9 ақпан аралығында көлік жолдарында республика көлемінде «Қауіпсіздік белдігі» деп аталатын акция өткізілді. Жол бойына облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бүкіл жеке құрамы шықты. Тек үш күн ішінде Атырау облысында 705 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды.
Қауіпсіздік белдігінсіз 220 жүргізуші көлік жүргізіп, 45 жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізбеген, 31 жүргізуші көлік әйнектеріндегі күңгірттелген үлдірді алып тастаған немесе өз көліктерін айыппұл тұрақтарына апарыпты, 10 адам жүргізуші куәлігінсіз жүріп, 40 ереже бұзушы телефонмен сөйлескен, 54 жүргізуші көліктерін қатты жылдамдықпен жүргізген.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА