Атырау, 23 қараша 06:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әнуар Сәйденов БТА-дан кетеді

2 757 просмотра

АСТАНА, 11 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. БТА Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы және кредитор өкілдері ДК мүшелері ретінде өздерінің өкілеттіктерін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды БТА Банкінің баспасөз қызметі.

БТА Банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған өзгерістер аясында Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов, кредитор өкілдері  - Сергей Бабаян және Яцек Бжезински, сондай-ақ  тәуелсіз директор Илкка Салонен Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өздерінің өкілеттіктерін өз бастамалары бойынша 2013 жылғы 14 ақпаннан бастап тоқтататындығы жөнінде мәлім етті.

«Директорлар кеңесінің бүгінгі күнгі құрамы алдына қойған мәселелерді сәтті аяқтады, соның ішінде сөзсіз, Банктің қайта құрылымдалуы аяқталды.  Акционерлердің әртүрлі топтарының мүдделерін ұсына отырып, Директорлар кеңесінің мүшелері осы қиын әрі ауқымды процестің іске асуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, олардың тікелей қатысуымен Банктегі корпоративтік басқару деңгейінің маңызды артуына қол жеткіздік. Осыған байланысты, өзімнің әріптестерім - Сергей Бабаянға, Яцек Бжезинскиге және Илкка Салоненге - атқарған зор еңбектері үшін, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Қорына Банктің Директорлар кеңесімен тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіремін», - деп мәлімдеді Әнуар Сәйденов.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев Банк акционерлерінің атынан атқарған зор еңбектері үшін Директорлар кеңесіне алғысын білдірді. «Самұрық-Қазына» Қоры БТА-ның негізгі акционері ретінде 2011-2012 жылдардағы Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы кәсіпқойлар командасының қызметін жоғары бағалайды. Бүгін Банктің жұмысындағы маңызды кезең аяқталған кезде, олардың алдында жаңа мәселелер тұр, біз, Сәйденов, Бабаян, Бжезински, Салонен мырзаларға алғыс білдіре отырып, кәсіби қызметтеріне одан әрі жемістер тілейміз», - деп мәлімдеді Өмірзақ Шөкеев. 

Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы мәселе 14 ақпанда өткізілетін Акционерлер жиналысында басқа да мәселелермен қатар қаралады.  

Дереккөз: newskaz.kz

11 ақпан 2013, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.