Атырау, 22 қараша 00:13
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Ақ үй» облыс әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатқанын растады

2 483 просмотра

Бүгінгі «АЖ» сайтындағы жарияланымнан кейін Атырау облысының әкімдігі түсініктеме беріп, әкім орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВҚА қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша - прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен ол «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Инвестициялық субсидиялар келісімшарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу Қ.Нұрлыбаевтың Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (бұл лауазымға 2019 жылдың 5 маусымында тағайындалған) болып жұмыс істеген кезінде 2019 жылдың 26 маусымынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырылған. Бүгінде «Бұйырғын» кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген. Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Қ.Нұрлыбаев 2021 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Естеріңізге салсақ, Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне 2019 жылдың 18 желтоқсанында кірісті».

Ал «ақ үйдегі» АЖ дереккөздері төрт транштың екеуі 2020 жылы жасалған деп мәлімдейді.

Дайындаған Фархат АБИЛОВ

18 қазан 2021, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.