«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің қазіргі орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тұрған кезде 80 миллион субсидияны заңсыз бөлді деп күдіктелуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«АЖ»-ның облыстық әкімдіктегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл облыстық прокуратура субсидияланған фермерлерді тексеру кезінде белгілі болды. Кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалып, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтан жауап алынды. Ауыл шаруашылығы басқармасының қазіргі басшысы мен оның қызметкерлерінен де жауап алынды. Қылмыстық іс қозғау үшін Атырау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары экономикалық сараптама тағайындап, тіпті Бас прокуратурамен «кеңескен».
Әңгіме Құрманғазы ауданындағы құс фабрикасын субсидиялау жөнінде болып отыр: мұндай үлкен бюджеттік «салым» үшін оның өндіріс көлемі тым аз.
Дереккөздің айтуынша, Нұрлыбаевтың өзі заңсыз ештеңе жасаған жоқпын деп есептейді. Бұл жағдай облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВКЕ белгілі.
«АЖ» облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен, сондай-ақ Қайрат Нұрлыбаевтың өзінен түсініктеме алуға тырысты, бірақ сауалдар жауапсыз қалды.
Фархат АБИЛОВ