Атырау, 19 сәуір 19:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақшалы көгалдандырушылар жергілікті мамандарды тыңдауы керек

Сурет
1 858 просмотра

Биыл Атырау облысында 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспары қабылданды. Орман қорының 2803 гектарына 7 миллионнан астам көшет отырғызылуы тиіс. Жалпы қаржыландыру сомасы 805,4 млн теңге.

Бұдан басқа, биыл Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың 5 жылға арналған өңірлік жоспары қабылданды. Оның аясында көшет отырғызу бүкіл өңір бойынша жүргізілуі тиіс. «Ластаушы төлейді» тезисіне сәйкес, мұнай компаниялары өндірістің жанына отырғызбаса да, қала маңында ағаш отырғызу арқылы экологиямызға келтірілген зиянды өтеуге тырысады деп жоспарлануда.

Жергілікті билік пен мұнай компаниялары арасында меморандумға қол қойылды. Соған сәйкес компаниялар Атырау төңірегіндегі және ішіндегі белгілі бір аумақтарды көгалдандыруы тиіс. Осылайша, АМӨЗ-дің жауапкершілік аймағы – Сасықсай және Атыраудағы бірнеше учаске, көгалдандыруға жататын аймақтардың жалпы ауданы 1420,9 га, орындалу мерзімі - 10 жыл. ТШО: Новокирпичный ауылы (Қайыршахты ауылдық округі) маңындағы орман қоры, Жылыой ауданындағы аумақтар, барлығы 1772,1 га, мерзімі - 6 жыл.

«ЕмбіМұнайГаз»: Талғайраң ауылы мен Қайыршақты ауылдық округі, барлығы 243,2 га, мерзімі - 4 жыл. NСОС – «Соколок» каналының бойы, Атырау-Доссор трассасының сол жағы, теміржол көпірінің ауданы, фармацевтикалық зауыт ауданы, Еркінқала, Балауса ауылдары мен Мақат ауданындағы аумақтар, жалпы ауданы 1373,5, мерзімі - 5 жыл. Кейін бұл учаскелер қалаға немесе орман шаруашылығына беріледі. Жоспарға сәйкес, алғашқы ағаштарды қалаға отырғызады, ал келесі жылдан бастап Атырау төңірегіне  «жасыл белдеу» құру жұмыстары басталады.

Әрине, компаниялар мердігер ретінде кімді тартады деген сұрақ туындайды. «Релаксация» ЖШС басшысы Кенжетай РАМАЗАНОВ бірінші кезеңде көгалдандыру компанияларын ғана емес, өсімдіктерді таңдау қажет екеніне сенімді. Атыраудың климаттық жағдайы өте қатал, сондықтан көшеттерді таңдағанда кем дегенде 4 параметрді ескеру қажет: олар құрғақшылыққа, тұзға, аязға төзімді болуы және су ресурстарының тапшылығын ескерсек, суды аз тұтынуы керек. Көгалдандыруға бөлінген әр аумақта топыраққа зерттеу жүргізу қажет.

- Көгалдандыру бойынша жеңіске жетуге үміткер әрбір компанияның өз тәжірибесі бар, бәлкім жер қойнауын пайдаланушылар басқа қаладан біздің климатымыз бойынша тәжірибесі жоқ ірі мердігерді шақырғысы келетін шығар. Олар, өз кезегінде, жылдар бойы жиналған тәжірибеге сүйене отырып, өсімдіктер таңдайды. Таңдаудың қаншалықты дұрыс болғанын уақыт қана көрсетеді. Осыған байланысты мұнай компанияларына көгалдандыру үшін учаскелерден тәжірибелік алаң бөлуді және оны көгалдандырушыларға кемінде екі жыл мерзімге беруді ұсынамын. Осы азғана кезең өткеннен кейін жасыл көшеттердің дұрыс таңдалғанын, компанияның алдағы көлемдерді игере алатындығын, олардың өндіріс мәдениеті мен тапсырыс берушінің шарттары бойынша басқа міндеттемелердің орындауын бағалауға болады. Осындай бағалаудан кейін жасыл көшеттердің түрлерін, содан соң ғана барлық аумақты көгалдандыруды жүзеге асыратын компанияны таңдауға болады, - дейді Рамазанов сеніммен.

«БӘРІ ӨСЕ БЕРМЕЙТІНІН ТҮСІНЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

Екінші мәселе – ол соңғы кездері көгалдандыру кезінде көшеттерге емес, биіктігі 1,5-2 метр болатын жас ағаштарға басымдық берілетініне назар аударды. Оның айтуынша, ғалымдардан, тәлімбақтардың, Алматы ботаникалық бағының қызметкерлерінен кеңес алып, Атыраудағы жағдайды байыпты талдаған соң, ол бұл тәсіл дұрыс емес деген қорытындыға келген.

- Бұл жұмыс нәтижесін тез көрсету үшін жасалады. Алайда көпжылдық тәжірибе биіктігі 50-70 см болатын көшеттер жақсы тамыр алатынын, олардың климаттық жағдайларға оңай бейімделетінін дәлелдеп отыр. Уақыт өте технология өзгерді. Арнайы контейнерлерде өсімдікті топырақпен сату тәжірибесі пайда болды. Ол жұмсақ климат жағдайында өзін ақтайды. Бізде Атырау облысында жүздеген жыл ішінде тамыр жаяын, суарусыз немесе аз ылғалмен өсетін өсімдікті табиғаттың өзі таңдап алды.

Мұндай ағаштар - тораңғы (тораңғы терегі немесе түрлі жапырақты терек), акация, тамарикс бұтасы (жыңғыл). Бұл ағаштар аязға, құрғақшылық пен тұзға төзімділік, суды аз тұтыну талаптарына сай келеді. Егер бес қатар қып (тораңғыт, тамарикс, акация, тамарикс және тораңғыны) отырғызса, керемет желден қорғайтын белдеу жасауға болады.

Кенжетай Рамазанов көгалдандыру жұмыстарына 2012 жылы кірісіп, ауданымызға белгілі маман - орманшы Тимур МУСИНДІ тартқан. Содан бері «Релаксация» ЖШС («Алтын сазан» демалыс базасы) аумағында ағаштар мен бұталардың 60-тан астам түрі отырғызылған. Олардың арасында қайың, жөке, шетен, үйеңкі, туя, емен мен жөке ағаштарының түрі, жеміс ағаштары бар. Олардың бәрі биіктігі 50 см болатын кішкентай көшет күйінде отырғызылған. Қазір олар 6-7 метр биіктікке жетті.

Мемлекеттік орман шаруашылығының жерлері қаладан алыс орналасқан. Оларды суаруды ұйымдастыру қиын. Көшеттер суаруға оңай, олар тез тамыр алып, көбейеді. Биік ағаштың жер асты суларына оңай жететін ұзын тамырлары болуы керек. Контейнерде қолдан өсірілген өсімдіктер бұл талапқа сай келмейді, сондықтан аңызақ жел оларды тез қуратады.

- Орманшыларда мынадай түсінік бар: 3333 немесе 5555, яғни белгілі бір уақыттан кейін бір гектарда осындай мөлшерде, жартысынан сәл астам өсімдік қалуы керек. Алдымен көбіне «артығымен» отырғызады, яғни көрсетілген саннан көп қылып. Тығыз отырғызған кезде ағаштар бір-бірінің тамырына көмектесіп, бір-бірінің ұшар басын жабады. Бұл Астананы көгалдандырған біздің қазақстандық ғалымдардың және кеңестік бағбандардың тәжірибесі. Содан кейін орман шаруашылығы шарасын жүргізеді - түссіздендіру, тазалау, өтпелі және санитарлық кесу. Бұл қысылған, ауру өсімдіктерді, ағаштарды, жануарлар жеп, бүлдірген, аяздан бүлінген, т.б.өсімдіктерді алып тастау үшін жасалады, - дейді Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау филиалының кіші ғылыми қызметкері Тимур МУСИН. - Осылайша ормандар түзетін ең мықты ағаштар қалады. Шамамен 10 жыл болғанда ағаштардың ұшар бастарымен жабыла бастағанда, орман түзілді деп санап, оларды мемлекетке беруге болады. Сол кезде бір гектарда шамамен 3333 ағаш болуы керек. Ал кейбір заманауи мамандар бірден осындай ағаш отырғызады, 10 жылдан кейін, әрине, олардың саны азаяды.

Ірі компаниялар жергілікті көгалдандырушылардың пікірін тыңдай ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор

18 қазан 2021, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.