Атырау, 9 қараша 02:09
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ханымдар отанына оралды

1 944 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М. Оспановтың бұйрығымен Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА Атырау облысы бойынша агенттік департаментінің директоры боп тағайындалды.

Ол департаментте (Досмұхамбетова ханым – біздің жерлесіміз) 2002 жылдан бастап 2011 жылдың қазаны аралығына дейін басшылық етті. Содан кейін осы агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалып, Астанаға көшіп кеткен болатын.

Бұрынғы директор Жанайым КЕЛБАТЫРОВАНЫҢ қандай орынға ауысқанын әзірге біле алмадық. Біздің ақпаратымыз бойынша, ол жұмыс орнында көптен бері жоқ екен. Желтоқсан айында ақысыз демалыс алып, содан соң сырқатына байланысты күн алған. Соған қарағанда ол да өз туған қаласы Ақтөбеге кері оралған сыңайлы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 ақпан 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.