Ресей Федерациясы әскери қызметкерлері «швед столы» жаңа тамақтану жүйесіне ауысады, деп хабарлады «Жаңалықтар» Ресей ақпарат агенттігі 20 гвардиялық жалпы әскери армиясының қолбасшысы генерал-майор Александр Лапинге сілтеме жасап.
«Әскери борышын өтеушілерді тамақтандыру жүйесі жетілдірілуде. Наурыз айында екі бригада «швед столы» үлгісі бойынша мүлдем жаңа тамақтандыру жүйесіне көшірілетін болады. Ал жыл соңына дейін барлық әскери бөлімшелер мен құрама-бірлестіктер осы жаңа тамақтану жүйесіне көшеді», деді ол «Эхо Москвы» радиостансасының эфирінде.
Қорғаныс министрінің шешімі бойынша, барлық әскери казармаларда душ қабылдау кабиналары орнатыла бастаған, ал казармалық құрамалардың әрбір қабаты шай ішетін бөлмелермен жабдықталуда. Бұған қоса, әр ротада казармада ылғал тазалау жұмыстарын жүргізуге арналған жуғыш шаңсорғыштар қойылған.
Дереккөз: egemen.kz