Франция үкіметі сиыр етінің орнына жылқы етін сатқан тасымалдаушыларды жазаламақ, деп хабарлайды РБК.
Даулы оқиға Ұлыбританияда өрбіді, кейін Францияға ұласты. Барлығы мұздатылған өнімдер шығаратын Findus компаниясынан басталды, ол сиыр етінің құрамында жылқы етінің пайыздық көрсеткіштері жоғары деген күдікпен дүкен сөрелерінен өз өнімдерін қайтара бастаған. Тергеу француздық сиыр етінің орнына румын жылқы еті жеткізілгенін анықтады.
Findus тасымалдаушысы - Францияның шығысында орналасқан Comigel компаниясы етті басқа делдалдан алғанын айтып ақталуда. «Біздің өнімдегі сертификатталған француз сиыр еті деп ойладық. Бірақ шын мәнісінде ол румын жылқы еті болып шықты. Біз алдандық», - дейді Findus компаниясының бас директоры Матье Ламбо.
Соңғы жылдары Францияда жылқы еті сұранысқа ие болмай, осы салада қызмет ететін ет сатушы дүкендер жабылып қалған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат