2012 жылы қаржы министрлігі 2553 отандық автокөлік сатып алды, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және оларға қарасты ведомстволар мен ұйымдардың мемлекеттік сатып алулар жоспары нақтылануы нәтижесінде, 2012 жылы 11,7 млрд теңгеге 2553 отандық автокөліктер сатып алынды. Бұл жоспарланған сатып алулардан 467 көлікке артық. Сонымен қатар 9,8 млрд теңгеге 1365 шетелдік автокөлік алынған, яғни Қазақстанда шығарылмайтын арнайы көліктер алу жоспарынан 228 көлікке төмен болды», деп жазылған хабарламада.
Дереккөз: bnews.kz