Атырау, 22 қараша 23:32
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Иран мамандары америкалық пилотсыз ұшақтың кодын бұзды

2 050 просмотра

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Иранның мемлекеттік телеарнасы, жергілікті мамандар қолға түскен америкалық пилотсыз ұшақтың кодын бұзғанын хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осыны дәлелдеу үшін ұшақтың соңғы ұшуында түсірген бейнетаспаны көрсетті.

Бейнетаспада ұшақтың Кандагар қаласындағы әуебазадан ұшып шыққанын, Ирандық нысандардың үстімен ұшып өткенін және жерге қонғанын көруге болады. 2011 жылдың желтоқсан айында Иранның қарулы күштері Бушейра атом электр станциясы маңын барлап жүрген америкалық пилотсыз ұшақты өз бақылауына алып, жерге қондырған. Осыдан кейін Иран өкіметі осы ұшақ негізінде өздері пилотсыз ұшақтар шығаратынын мәлімдеген. Ал АҚШ өкілдері болса, Иран өз күшімен ұшақтың күрделі электрондық жүйелерінің басын аша алмайды деген.

Дереккөз: kt.kz

8 ақпан 2013, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.