Атырау, 26 желтоқсан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Тәліптер АҚШ-тан елдің ішкі істеріне араласпауды сұрады

945 рет қаралды

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшылары АҚШ делегациясымен келіссөз жүргізді. Тәліптер АҚШ-ты Ауғанстан әуе кеңістігін бұзбауға және елдің ішкі істеріне араласпауға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, тәліптер АҚШ-тан гуманитарлық көмек көрсетуді және шетелдік активтерді ашуды сұрады.

Сенбіде Ауғанстан уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки Катарда америкалық делегациямен кездесуде "қарым-қатынастың жаңа парағын ашуды" талқылағанын айтқан.

Басылым мәліметінше, келіссөз жексенбіде жалғасады. 

АҚШ-пен алғашқы келіссөзден басқа, "Талибан" өкілдері Еуропалық Одақ делегациясымен кездесіп, кейінгі оқиғаларды талқыламақ.

10 қазан 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.