7 ақпанда облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэролин БРАУНМЕН және энергетика мәселелері жөніндегі елшіліктің аймақтық кеңесшісі Джонатан КУКПЕН кездесті.
Бұл Кэролин Браунның біздің өңірімізге алғашқы сапары. Кездесу кезінде мұнай-газ және білім беру саласындағы біріккен жобалар сөз болды.
Бүгінгі күні Атырау облысында ұлыбританиялық компаниялардың қатысуымен жұмыс істеп жатқан 81 кәсіпорын бар екен.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды