Жақында «Кулунду» шекара заставасына жанар-жағармайға толы 20 литрлік бөшкелер тиеген автомашиналары бар көрші ауылдың 20-ға жуық тұрғыны келді. Олар шекарашылардан Тәжікстан аумағына машиналарды өткізуге кедергі келтірмеуді талап етті.
Әскери қызметкерлер оларды шекарадан өткізуден бас тартты. Сол уақытта автокөлік жүргізушісі шекарашылардың бірін көлікпен қақпақшы болды. Шекарашы ауаға бірнеше оқ атқаннан кейін контрабандашылар кері қайтты. Аталмыш оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарланды.
Дереккөз: bnews.kz