Атырау, 14 тамыз 14:49
 дождьВ Атырау +26.9
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56

Қазақстанның мемлекеттік борышы 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр

3 034 рет қаралды

«2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік борышы (өзара талаптарды есепке алмағанда - агенттік) 3 828,3 млрд теңгені немесе 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бұның ішінде үкіметтік борыш 24,1 млрд АҚШ доллары деп есептелді», - деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдарлдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр. 2012 жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борыш деңгейі рұқсат етілетін және қауіпсіз шекте тұр. Жалпы ішкі өнімге қатысты айтар болсақ, Үкіметтік борыш 11,51 пайызды құрайды», - деді Б.Жәмішев.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтуде.

Дереккөз: bnews.kz

8 ақпан 2013, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.