Атырау, 31 наурыз 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы А.Мешімбаева Мәскеуде ұсталды

2 436 просмотра

2013 жылғы 6 ақпанда Қаржы полициясы агенттігінің халықаралық тапсырмасы бойынша Ресей ІІМ қызметкерлері Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваны ұстады. Бұл туралы ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Естеріңізге салсақ, Мешімбаеваға 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Мешімбаева Ресей ІІМ Мәскеу қаласы бойынша басқармасының №1 уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде Мешімбаеваны Қазақстан Республикасына экстрадициялау бойынша іс-шаралар дайындалуда.
Дереккөз:
BAQ.kz  

7 ақпан 2013, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.