Атырау, 25 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дезодорант құтылары жарылған

1 935 просмотра

Аэрозоль құтылары жарылған қоқыс контейнеріАэрозоль құтылары жарылған қоқыс контейнері.6 ақпанда кешкісін Атырау қаласындағы Товарищеский көшесі, №40 үй тұрғындары қоқыс контейнерінен екі мәрте тарсылдаған күшті дыбыс естіген. Құқықтық тәртіп сақшылары сол маңды дереу қоршап тастады.

Жақын маңдағы дүкен қожайынының айтуынша, дыбыс есік қаққан тарсылға қатты ұқсайды екен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 21 сағат 55 минутта облыстық ІІД жедел басқару орталығының пультіне Товарищеский көшесінің тұрғындарынан қоқыс контейнерінен екі мәрте тарсыл естілгендігі туралы телефон қоңырауы түскен. Сол жерге ҚІІБ тергеу-жедел тобы мен «Арлан» арнайы бөлімшесі жеткен.

Оқиға орны қоршауға алынды. Тұрғындардың бірі контейнердегі қоқысты өртегеннен кейін екі рет тарсыл естіліп, жалын атылған. Саперлер жарылыс құрылғыларының элементтерін таппады. Полиция дезодоранттан қалған жартылай бос құтылар жарылған болуы мүмкін деген жорамалды қарастыруда.

Мқұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 ақпан 2013, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.