Атырау, 29 мамыр 03:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +30
$ 445.68
€ 478.35
₽ 5.57

Украинада Тәжікстанның экс-премьері ұсталды

1 515 просмотра

Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложонов (суретте) Интерпол берген ордер бойынша Украинаның Борисполь қаласының әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

 Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, экс-премьер 5 ақпанда АҚШ-тан келген бойда ұсталған.

Абдулложонов 1994 жылы Тәжікстандағы президент сайлауында президент Эмомали Рахмонға бәсекелес болған еді. Кейін оған «1996 жылы Эмомали Рахмонға жасалған қастандыққа қатысы бар» деген айып тағылды.

Бұрынғы премьерге «1998 жылы Соғды облысындағы содырлардың шабуылын қолдады» және «ұйымдасқан қылмыс пен террористік әрекеттерге қатысы бар» деген айыптар да тағылған.

Абдумалик Абдулложонов соңғы он жылда АҚШ-та тұрды. Өткен жылдың күзінде Азаттық радиосына берген сұхбатында ол 1994 жылғы сайлауда «жеңгенін», бірақ Эмомали Рахмонның сайлауды бұрмалағанын айтқан.

Дереккөз: bnews.kz

7 ақпан 2013, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.