Атырау, 23 қараша 05:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бірыңғай зейнетақы қоры Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры базасында құрылады - Г.Марченко

3 587 просмотра
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - «Зейнетақы қорларын біріктіру Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры базасында жүргізіледі. Тапсыру тетігі жалпы алғанда жасалды және ешбір проблема болмауы тиіс», - деп баяндады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко журналистер үшін өткізілген брифингте.

Бұл ретте ол «жекелеген зейнетақы қорларымен зейнетақылық активтер бір қордан екіншісіне беріліп, салымшылардың ешбірі зардап шекпеген жағдайлар болғандығын атап өтті». «Аталған жағдайда жекеменшік зейнетақы қорларының зейнетақылық жинақтамалары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беріледі», - деді Ұлттық банктің басшысы.

Дереккөз: іnform.kz

7 ақпан 2013, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.