Атырау, 30 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Спорт жаңалықтары

3 514 просмотра

Көршілерден келген жүлде

№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Астраханда өткен КСРО спорт шебері Владимир Бобковты еске алуға арналған 1999-2000 және 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасындағы бокстан бүкілресейлік ашық турнирде сәтті өнер көрсетті.

А. Құлымжан (44 келіге дейін), А. Бітімов (48 келіге дейін) және  Н. Сабырғалиев (63 келіге дейін) турнирдің жеңімпаздары атанды. Д. Сисенғалиев (36 келіге дейін) «күміс» жүлде алса, Ж. Қайратов (30 келіге дейін), А. Орынбаев (32 келіге дейін), А. Жұмашев (38 келіге дейін), Ж. Қали (46 келіге дейін) және Б. Уапов (48 келіге дейін) «қолаға» қол жеткізді. Спортшыларды бапкерлер Б. Көшенов, А. Досмағамбетов, А. Дәулетов, К. Есқалиев және Р. Жұмағалиев дайындады.

***

Ұстазынан озды

Ақтау қаласында өткен ММА (аралас жекпе-жек) бойынша ашық республикалық турнирде облыстық джиу-джитсу федерациясының шәкірттері жақсы өнер көрсетті.

Нұрбек Отар (62 келіге дейін) мен Дамир Данияр (77 келіге дейін) күміс медальға қол жеткізді. Олардың жаттықтырушысы Ерболат Сатыбалдиевтің өзі 84 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

***

Сәл жетпей қалды

Орал қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін таласқан әскери самбодан Әлем кубогы өтті.

Жарысқа 14 команда қатысты. 1-орынды Қазақстан құрамасы алса, 2-орынды Ресей құрамасы, 3-орынды Белоруссия құрамасы иеленді. № 1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Абылай Төлеш (бапкері Қ. Досқалиев) 4 ұрыста жеңіске жетіп, ақтық айқаста болгариялық спортшыдан ұтылып қалды. Облыстық джиу-джитсу федерациясының өкілі Қанат Ашимов (бапкері А. Есенғалиев) те финалға дейін жетіп, оралдық спортшыға есе жіберді.

***

Жүлделер шашуы

Алматыда өткен муай-тайдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы 8 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Нұр Ануаров, Артур Сабырұлы, Диас Серік, Әбухасан Ануаров, Еламан Өтегенов, Еламан Саясатов, Абылай Құралбаев және Әбіл Ғалиев чемпион атанса, Әділжан Амангелдеев, Мейірбек Серік және Аман Қабдоллаев күміс жүлдегер болды. Ал Жасұлан Қалиев пен Айбек Ақылбек қола медаль алды. «Жеңіске деген жігері үшін» және «Үздік техникасы үшін» сыйлықтарымен А. Қабдоллаев пен Е.Саясатов марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.