Атырау, 3 маусым 19:53
 дождьВ Атырау +23.5
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Гаухарға сенеміз

2 807 рет қаралды

Қарағандыда 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен Қазақстан чемпионаты өтті. Спортшылар жеке және жұппен өнер көрсетті.

Атыраудан өз жасында республикалық рейтингте 8-орын алатын Гаухар Зналиева қатысты. Жеке жарыста Гаухар үш айналымнан оңай өтіп, жартылай финалда қарағандылық Айзат Жолдакеевадан ұтылып қалды. Қорытындысында – қола медальға ие болды.

Рангтер тізбесінде 5-орында тұрған шымкенттік Жәмила Тайтелімен жұп құрып, қарағандылық жұп Жолдакеева – Белогривцеваны және алматылық Ибрашева – Астахованы ұтты. Алайда осыдан  кейін күтпеген оқиға орын алды: үзілісте Жәмиланың қолы ауырып, дәрігерлер финалға қатысуға тыйым салды. Сәйкесінше, Гаухар «күмісті» місе тұтты.

Бапкер Вера Тихомирова шәкіртінің болашағына сенімді:

- Гаухар жасөспірімдік деңгейге көтерілді және Қазақстан құрамасының құрамына кірді. Бапкерлері мен достары оған сенеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.