Атырау, 1 желтоқсан 22:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Алғашқы чемпион

2 302 просмотра

Бапкер Вера Тихомированың («Мұнайшы» СК) шәкірті Әсел Жұмамұхамбетова (суретте) үлкен теннистен Атырау тарихында бірінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

16 жасқа дейінгі ер балалар мен қыздар арасындағы ел чемпионаты 28 қаңтар – 2 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында өтті. Бірінші айналымда Әсел астаналық қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен, екінші айналымда Қызылжар қаласының өкілін 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтты. Ширек финалда ол астаналық Болатованы (6:0, 7:5) жеңсе, жартылай финалда Астананың тағы бір өкілі Шевченконы қапы қалдырды (6:3, 6:4).

Шымкенттен келген мықты қарсыласы Гюзаль Айнитдиновамен болған финалдық кездесуі өте ауыр болды. Бірінші сетте Гюзаль ұтқан, алайда Әсел бар күшін салып, қалған екі сетті өз пайдасына шешті. Есеп 6:2 және 6:4.

Осы чемпионатта теннисшіміз жұптық өнер көрсетуде тағы бір «алтынға» ие болды. Әсел Қазақстан құрамасындағы өз досы Милана Иманиязовамен жұп құрды. Қыздар сенімді өнер көрсетіп, ақтық сында астаналық Болатова – Лысова жұбын ұтты (6:2, 6:3).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.