Атырау, 11 қазан 09:37
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қапы қалмайды

4 113 просмотра

№54 балабақшаның тәрбиешілері балаларда болатын шашалып қалу, жарақат алу, тоқ соғу сияқты келеңсіз жағдайлардың алғашқы секундтарында қалай әрекет ету керектігін және өрт, басқа да төтенше жағдайларда не істеу қажеттігін жатқа біледі.

Балабақшаның барлық педагогикалық құрамы Қызыл Жарты ай Қоғамының облыстық филиалы ұйымдастырған дәрігерге дейінгі көмек көрсету курсынан өтті.

- Сәбилер өте қозғалғыш келеді және кездейсоқ жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған. Кез келген сәтте дайын болып, қапы қалмау керек. Сондықтан да бұл курстар өте пайдалы, - дейді №54 балабақшаның аға медбикесі Ләззат ИЗИМОВА.

Қызыл Жарты ай Қоғамы облыстық филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВАНЫҢ айтуынша, бұл - қызметкерлері дәрігерге дейінгі көмек көрсету курсынан өтуге ниет білдірген қаладағы бірінші балабақша.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.