Атырау, 5 қазан 01:55
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мәскеу метросындағы жарылысқа қатысы бар лаңкестің көзі жойылды

1 538 просмотра

Ресейдің Терроризмге қарсы ұлттық комитеті Дағыстанда арнайы операция барысында 2010 жылы наурызда Мәскеу метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған лаңкес Гусен Магомедовтің көзі жойылғандығын хабарлады, деп жазады ВВС Орыс қызметі.

Құқық қорғау органдарының айтуына қарағанда, дәл сол Магомедов Мариям Шарипова мен Джанет Адбуллаева есімді жанкештілерді метроға дейін жеткізіп салып, тікелей өзі «Лубянка» мен «Мәдениет саябағы» стансаларында жарылғыш затты іске қосу туралы бұйрық берген.

2010 жылдың 29 наурызында орын алған лаңкестік оқиға салдарынан 40 адам қаза болып, жүзден астамы жараланған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

6 ақпан 2013, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.