Атырау, 25 қараша 09:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудан жаңалықтары

1 847 просмотра

Сметасыз ештеңе өнбейді

Индер ауданының Есбол селосында осыдан екі жыл бұрын «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен қолға алынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өткен жылы тоқтап қалған болатын.

Есбол селолық округінің әкімі Ерлан ҚАЛИЕВТІҢ айтуынша,2011 жылдың қақаған қысында құйылған іргетас жарылып, пайдасыз күйге түскен. Ал іргетасы құрылыстың сметалық жобасы жасалмай жатып құйылған.

- Қазір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің сметалық жобасы әзірленіп жатыр,- дейді Индер ауданы әкімі Берікқали САРСЕНҒАЛИЕВ. - Қаржы «ҚазМұнайГаз» АҚ-дан бөлінетін болды. Сондай-ақ, кешен құрылысы үшін селоға жақын жерден жаңа орын да таңдалды.

***

Әрқашан жарық сөнбесін!

«Күкіртті» қыстағында күрмеулі жарық мәселесі шешілді. Тастай БОЗШИЕВ өзінің көршілерімен бірге жел диірмені мен күн батареяларының жүйесін орнатып алды.

- Біз Қытайдан желдің күшімен жұмыс жасайтын және күн батареясының көмегімен іске қосылатын екі қондырғы -сатып алдық, - дейді Тастай Бозшиев.Біздің Исатай ауданы Қамысқала селолық округінің қыстағы маңында ешқандай электр энергиясының көзі жоқ. Бұрын біз тек керосин шамымен отырдық.

Енді қыстақта электр жарығы мәселесі шешімін тапты, ал шаруалар бұл құрылғыларды 260 мың теңгеге сатып алған.

- Алыстағы қыстақтарда тұратын шабандар үшін жарықтың болмауы үлкен проблема болатын, - дейді Тастай.– Көбі дизельдік мотормен жарықты іске қосады, оған солярка, ақша шақ келмейді. Мен қондырғыға қажетті аккумуляторды  жылда 2 -3 рет ауыстырамын. Базарда оның әрқайсысы 25 мың теңге тұрады.

 

***

Қала ішінде жыртқыш жүр 

28 қаңтар күні таңда Құлсары қаласының полиция бөлімшесіне «қала ішінде қасқыр жүр» деген хабарлама түсті.

Анықталғандай, дала көкжалы бір тұрғынның ауласына кіріп, итінің үйшігінде жатқан үш күшікті жеп кеткен. Ал біреуін талап жатқан жерінен полиция инспекторы келіп қалып, жер жастандырады. Түз тағысының басы оның құтырумен ауырған-ауырмағанын анықтау үшін сараптама жасауға жіберілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.