Атырау, 25 сәуір 06:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Құран әліппесін үйренуге қызығушылық басым

2 816 просмотра

Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрамына кіретін әр мешітте арнайы діни сауат ашу курстары ашылған. Ислам негізін тануға ниет білдірген жандар үшін облыстық «Иманғали» мешітінде де сабақ жүргізіледі.

- Курстың басты міндеті - шәкіртке Құран әліппесін үйрету, - дейді мешіттің найб имамы Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВ. - Содан соң тәжуид қағидаларын меңгеріп, Құранды дұрыс оқи алады, және хадис пен уағыз жөнінде білім беруді үйренеді.

Қазір мешіттегі ұстаздық қызметті екі адам атқарып келеді. Бірі өз еліміздің Салауат Мәжитов деген азаматы. Бұл кісі   ҚМДБ-ның арнайы тағайындаған ұстазы. Ал екінші ұстаз ҚМДБ мен Түркия дін істері жөніндегі басқармасының келісімі бойынша елімізге келген аталмыш елдің азаматы Ергун Яшар.

Қазіргі таңда мешітте шамамен 50 адам бастапқы білім алып жүр. Шәкірттердің жас шамасы да әр түрлі. Мұнда жас та, кәрі де, бала да, ер мен әйел де бар екен.

Гүлнәр СЕЙІЛХАНОВА, шәкірт:

- Мен Алланың һақ жолымен жүруді нәсіп қылғаныма шүкіршілік айтамын. Сабаққа келіп дәріс алып жүргеніме төрт ай болды. Ұстаздар араб әрпінің қалай дыбысталып оқылатынын үйретуде. 

Сабақ аптасына алты күн өтеді. Дәріске қатысушылардың мүмкіндіктеріне қарай сабақ уақыттары тиімді жолға қойылған. Яғни, таңнан бастап немесе түстен кейін де келіп оқуға мүмкіндік бар.  

Ұстаздардың айтуынша, діни сауат ашамын деген әрбір жамағатқа мұнда есік әрдайым ашық.

Диас ТАРАСҰЛЫ,

АтМУ-ің журналистика мамандығының 4-курс студенті 

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.