Атырау, 25 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Супер «Кәсіпқорда» емтихан басталады

3 366 просмотра

APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) - мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау кәсіби орталығына студенттерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады («АЖ» №44, 1.11.2012 ж., «Кәсіпқор» қаңтарда ашылады" жарияланымын қараңыз).

Техникалық проблемаларға байланысты емтихан уақыты ақпанның 5-інен 11-іне ауыстырылды. Канадалық оқытушылар визаны ресімдеу кезіндегі кешіктірулерге байланысты уақытында ұшып келе алмады. Естеріңізге салсақ, АРЕС Petrotechnicорталығына студенттерді қабылдаудың бірінші кезеңі желтоқсанның ортасына тура келген еді. «Кәсіпқор» холдингінің персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры Рита НАБИЕВАНЫҢ айтуынша, бірінші кезеңде Алматыдан, Астанадан, Қостанайдан, Қызылордадан, Оралдан 130-140 үміткер болған, бірақ талапкерлердің көпшілігі Атыраудан екен.

Емтихандардың нәтижелері әлі жарияланған жоқ. Р. Набиева ұсынған ақпаратқа сәйкес, канадалық оқытушылар өздерімен бірге қорытындыларды әкелуді жоспарлап отыр. Алдын ала есептеулер бойынша, екінші кезеңге150 шақты адам құжат тапсырған. Емтихандар 4 пән: ағылшын тілі, математика, физика, химия бойынша өтеді. Алғашқы біліктілік талаптарының бірі – талапкер ағылшын тілінен (IELTS) емтихан тапсырғанда 5,5 баллдан кем жинамауы керек.

Шетелдік емтихан алушылар талапкерлердің білімін бағалау кезінде жеткілікті дәрежеде жеңілдік жасады, өйткені тиісті деңгейге жететіндер аз болды. Басқа пәндер бойынша тестілік сұрақтар мектеп деңгейінде, - дейді Набиева.

Тестілеудің бірінші және екінші кезеңінің қорытындысы бойынша сабаққа барлығы 100 студент жіберіледі. Алайда APEC Petrotechnic орталығының өзі 700 орынға арналған. Биыл неліктен студенттер санына осындай шектеу қойылған? Бұл сұраққа «Мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі аймақаралық кәсіби орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы Қуанғали ҚОЖАНТАЕВ (суретте) жауап берді:

Оқу орталығы жобасының өзі 2006 жылы бекітілген, бірақ сол кезде жобаға салынған жабдықтар ескірді. 2013 жыл бойына зертханалық кабинеттер мен шеберханаларға канадалықтардың ұсынысы бойынша заманауи жабдықтар сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта бізде100 студент үшін химия мен физика зертханалық кабинеттері толығымен дайын. Қалай дегенмен де алғашқы оқу жылында ағылшын тіліне баса назар аударылады. Сонымен қатар математика, физика, химия, оған қоса мұнай ісі оқытылатын болады. Оқу бағдарламасы, әсіресе, оның тәжірибелік бөлігі заманауи талаптарға сай келуі тиіс. Осы жерден түлек бітіріп шыққан кезде зауытқа келіп, бірден станок жанына тұруы тиіс.

Жалпы алаңы 4000 шаршы метрді құрайтын орталық ғимараты үш қабатты екі оқу корпусынан, 4 жатақхана ғимаратынан, оқытушыларға арналған бір мейманханадан, тәжірибелік сабақ өткізуге арналған кабинет-шеберханалары бар жеке ғимараттан тұрады. Орталықтың аумағында футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, оқу-жаттығу бассейні бар. APEC Petrotechnic орталығына талапкерлерді қабылдаудың үшінші кезеңі биылғы жылдың қыркүйегінде өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.