Атырау, 25 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еңбек етуге қабілетті

1 910 просмотра

«Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жаңа «Еңбек етуге қабілетті» деп аталатын жобаны жүзеге асыруға кірісті. Мүгедектігі бар жастар компьютермен жұмыс жасауға және тігін ісін үйренуге мүмкіндік алмақ.

«Бота» қоғамдық қоры қаржыландыратын жоба 15-тен 29 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған. Қазір ҮЕҰ жабдықтар сатып алып, курстарды оқытатын мамандарды іздеуде. Алғашқы оқушыларды наурыз айында қабылдау жоспарланған.

– Мүгедек жастарға мамандық алу түгілі, білім алудың өзі өте қиын. Жоба болашақта олардың жұмысқа орналасуына көмектеседі деп үміттенеміз, - дейді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ директоры Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА.Мүгедектік тобы маңызды емес. Егер біреулерге біздің кеңсеге жету қиын болса, инва-такси қызметін пайдалануға болады. Сабақ тегін өткізіледі.

Мұндай жобалар қашан да қажет,- дейді К. Нұржігітова:

– 2007 жылы біз «Аджип ҚКО» компаниясы қаржыландыратын «Үміт - Надежда» жобасын жүзеге асырдық. Мүмкіндіктері шектеулі жандарды компьютермен жұмыс істеуге үйреттік. Ниет білдірушілер өте көп болды. Ал курсты аяқтағаннан кейін біршама адам колледждерге оқуға түсіп, жұмысқа орналаса алды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.