Атырау, 25 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Әлжуаздар» тізімі

2 491 просмотра

Бұрын хабарлағанымыздай, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу қуаты тарифтері көтерілді («АЖ» №5, 31.01.13ж., «Жылу өлшегіштер тиімділігі» мақаласын қараңыз). Апатты және ескі үйлер тұрғындары үшін баға 5 пайызға артты - бұл басқаларға қарағанда аз.

«Атырау ЖЭО» АҚ-ның абоненттік қызметі Атырау қаласындағы «апатты» және «ескі» санатты үйлерге кіретін көппәтерлі үйлердің тізімін ұсынды. Мұнда 42 үй берілген. Апатты үйлер: Қабдолов көшесі, 6, 12; Досмұхамедов көшесі, 15; Махамбет көшесі, 97; Баймұханов көшесі, 39; Крупская көшесі, 71; Жарбосынов көшесі, 83а, 89.

Ескі үйлер: Азаттық даңғылы, 27, 29, 72, 131, 138; Алтай көшесі, 1, 3, 5, 7, 9; Әуезов көшесі, 3, 5, 7, 9, 13, 17; Волгоград көшесі, 10; Оңдасынов көшесі, 7, 9; Қарымсақов көшесі, 1а, 2а, 4; Стахановтар көшесі, 1а, 2б, 3а, 4; Шарипов көшесі, 30; Абай көшесі, 30, 32, 34; Яблочный өткелі, 1, 5; Огородная көшесі, 8; Гагарин көшесі, 124.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ деректері бойынша, Атырауда ЖЭО-нан жылуды 798 көппәтерлі үйлер алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

«АЖ» анықтамасы: «Ғимараттар мен имараттардың жағдайларын техникалық қадағалау ережелеріне» (ҚР ҚАЖ 1-04-15-2004) сәйкес, «өзіне тән қасиеттерінен айырылғандығы туралы куәлік бере алатын, шара қолданылмаса, қирап сынуға әкеп соқтыратын  ақаулары мен бұзылулары бар құрылғының техникалық жағдайы жұмысқа жарамсыз (апатты) деп аталады». Ал ескі деп «тұтастай алғанда қолдану талаптарын қанағаттандырмайтын және физикалық ескіруі 60-80 пайызды құрайтын ғимарат» жағдайы аталады. Монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры міндетін атқарушы Н.Дүйсемалиева тұтынушылар үшін жылу өлшегіші бар үйлерге арналған тариф 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша құн салығымен қосқанда 1 Гкал үшін 2102,2 теңге құрайтынын нақтылауды өтінді.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.