8 ақпаннан бастап қалалық қала құрылысы комиссиясы өз жұмысын қайта бастайды. Бұдан бұрын берілген құжаттарға қол қою жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы 1 ақпанда кәсіпкерлермен болған кездесуде қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ хабарлады.
Қаржы полициясының тергеу жұмыстарына байланысты облыс орталығынан жер беруге мораторий салынғаны белгілі. Бизнесмендердің көпшілігінде проблемалар туындаған еді. Оларға жер бөлуге, құрылысқа, ғимараттың қызметтік мақсатын өзгертуге, қайта жобалауға және т.б. құжаттар берілмеді.
– 8 ақпаннан бастап қалалық кеңес отырысы өтеді. Онда жеке тұрғын үй құрылысын салудан басқа құжаттар берілетін болады, - деді Нұрлығожиев. – Жеке тұрғын үй құрылысын салуға учаске беру шамамен жарты айдан соң қайта басталмақ.
Зульфия ИСКАЛИЕВА