Атырау, 4 мамыр 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«Нәрестенің өлімі туралы іс»: Аударманың қиындығы

1 596 просмотра

Атырау облыстық сотында облыстық перинаталды орталықтың сотталған дәрігерлерінің ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасуда.

Адвокат Төлеген БАЙТЕНОВ сәбилердің мәйіттерін ауыстыру бойынша материалдарды қайта қарауды сұрады. Атап айтқанда, оның айтуынша, бірінші сатыдағы сотта мәйіттерді сақтауға арналған контейнерлердегі сәйкессіздіктер қарастырылмаған. Сотталушы Асқар ҚАЙЫРЖАН оны қолдап, басқалармен қатар, цитогистологиялық зерттеу жүргізілмегенін айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Жасан ҮМБЕТ сот алқасынан бұл өтінішті қараусыз қалдыруды сұрады. Өйткені оның айтуынша, бүкіл материал бірінші сатыдағы сотта қаралып, оларға құқықтық баға берілген.

Адвокат Жамбыл МҰҚАШЕВ 2021 жылғы 18 қаңтардағы сот үкімін жоюды сұрады. Ол бірінші сатыдағы сот қорғаушы тараптың дәлелдерін ескермеді және кейбір маңызды жағдайларды толық зерттеуге мүмкіндік бермеді деген уәжін алға тартты. Мұқашевтың айтуынша, сот нәрестенің өліміне негіз болған Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен Асқар Қайыржанның арасындағы телефон арқылы сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасына қайта сараптама тағайындау керек еді, өйткені оның шынайылығына күмән бар. Оның айтуынша, түпнұсқа аудиожазба болмағандықтан, дамыған технологиялар дәуірінде белгілі бір сөздерді контекстен алып тастап, монтаждау кезінде оларды қиыстыруға болады.

Әрі қарай, адвокат Мұқашев түрлі қалалардан келген сот-медициналық сарапшылардың нәресте өлімінің себебі туралы қорытындысындағы қайшылықтарды атап өтті. Ал фактілер оның ана құрсағында тұншығып өлгенін көрсетеді:

- Бірінші сатыдағы сотта Тұрымбетова құрсағындағы бала күндізгі сағат 11-ден бастап қимылдауды тоқтатқанын айтты ғой, ал ол 13.20-да босанды. Ол сондай-ақ сотта дүниеге келген сәбидің жылағанын естімегенін айтты. Ал санитар Козлова тергеу барысы мен сотта берген айғақтарында нәрестенің қозғалғанын айтты. Мен мамандардан сұрадым - олар адам өлгенде бұлшықеттері белгілі бір уақытқа дейін қимылдайтынын айтты. Сондықтан да біз сотқа мамандарды шақыруды өтінген едік, бірақ біздің өтінішіміз қабылданбады.

Адвокат Аслан ЖОЛБОЛОВ Нысанбаев пен Қайыржанның телефонмен сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасына оралды. Оның айтуынша, филологиялық-психологиялық сараптама жүргізген маман қазақ тілді және орыс тілін көп жақсы білмейді. Ал бас дәрігер Нысанбаев пен акушер-гинеколог Қайыржан әңгіме арасында орыс тілінде сөйлескен.

- Сараптама орыс тілінде тағайындалды, сұрақтар орыс тілінде қойылды, бірақ қорытынды қазақ тілінде берілген. Неліктен аударманың дұрыстығына сенуіміз керек? Бұл әңгіменің мағынасы бұрмаланғаны айқын. Бұл сараптаманы жарамсыз дәлел деп санаймын, - деді Жолболов.

Келесі отырыс 10 қыркүйекке жоспарланды.

Айнұр САПАРОВА

6 қыркүйек 2021, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.