Мысырға ресми іс-сапармен барған Иран Президентіне доқ көрсетілді.
Махмуд Ахмадинежад Каирдегі Аль-Хусейн мешітінен шыққан кезде белгісіз Сирия азаматы оған аяқ киімін лақтырған. Мысыр қауіпсіздік күштері ол азаматты тез арада ұстады. Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад бүгін өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының конференциясына қатысу үшін Мысырға ресми сапармен барған болатын. Мысыр Президенті Мұхаммед Мүрси оны әуежайда салтанатты түрде қарсы алды. Ахмадинежадтың бұл елге Иранда 1979 жылы болған Ислам төңкерісінен кейін бірінші рет баруы.
Дереккөз: 24.kz