Атырау, 11 қазан 06:44
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Франция наурыз айында Малиден әскерін шығаруға уәде берді

1 208 просмотра

Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан Малидегі әскери операция кезінде жүздеген содырлардың көзі жойылғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, исламшылдар Малидің солтүстігіндегі базадан шығарылған, қазір олар елдің солтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жасырынып жүр.

Францияның сыртқы істер министрі болса егер әскери операция ойдағыдай өтсе, франциялық әскери қызметшілер наурыз айынан бастап Малиден шығарыла бастайтынын айтты. 

Брюсселде Малидегі тұрақтылықты қайта қалпына келтіру жөнінде БҰҰ, ЕО және Африкалық одақ өкілдерінің кездесуі жалғасуда. Қаралатын мәселе- биылғы жылдың ішінде демократиялық сайлау өткізу, халықаралық әскери контингентті қаржыландыру және гуманитарлық көмек көрсету.

Дереккөз: bnews.kz

6 ақпан 2013, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.