Атырау, 30 қараша 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қылмыстық хроника

2 264 просмотра

Полиция Махамбет ауданындағы Таңдай селосының 22 жастағы тұрғынын іздестіруде. Өткен жылдың қарашасында ол 5 адамға «блат арқылы» ұшу билетін алып беруге уәде беріп, жалпы сомасы 709 мың теңге болатын ақшаны алып, ғайып болған.

***

Полицияға Орталық ықшамауданының 23 жастағы тұрғыны хабарласты. 30 қаңтарда ол 20 жастағы құрбысын үйіне қондырыпты. Ал ол оның 500 мың теңге болатын зергерлік әшекейлерін ұрлап алған.

***

Полиция ауылдастарының үйлеріне ұрлық жасады деп күдіктелген Курилкино поселкесінің 16 және 17 жастағы екі тұрғынын ұстады. 13, 25 және 27 қаңтарда ұрлық жасалған.

***

3 ақпанға қараған түні құрсақ қуысынан жарақат алған 27 және 30 жастағы қала тұрғындары облыстық ауруханаға түсті. Жедел топ қызметкерлері жарақаттың СМП-136-дағы пәтерлердің біріндегі жанжал барысында алынғанын анықтады. 26 жастағы жігіт екі бөтелкелесіне асүй пышағын сұғып алған.

6 ақпан 2013, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.