4 ақпанда таңертеңгі сағат 10-да Жеті Қазына ықшам ауданындағы салынып жатқан 3 қабатты коттедждердің бірінің жертөлесінен зорлықпен өлтірілген екі ер адамның күйіп кеткен мүрделері табылды.
Жедел топ қызметкерлері олардың құрылыс салып жатқан жұмысшылардың мүрделері екендігін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚІІБ криминалдық полициясының тергеу амалдарының барысында марқұмдардың таныстары – 34 жастағы атыраулық және Бірлік поселкесінде уақытша тұрып жатқан 20 жастағы РФ азаматы екі кісіні өлтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеу болжамы бойынша, оқиға болар түні олар құрылыста бірге спирттік ішімдік ішіп, керісіп қалған. «Меймандар» «қожайындардың» мойындарына түйрелген-кесілген жарақаттар салып өлтірген. Содан соң қылмыскерлер қылмыс ізін жасыру үшін мүрделерді өртеп жіберген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ