«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Тимур Құлыбаев «Газпром» компаниясының директорлар кеңесі мүшелігіне тағы да үміткер атанып отыр. Бұл жайында РИА Новости хабарлады. «Газпромның» директорлар кеңесі бүгінде 11 үміткердің тізімін бекіткен, олар 28 маусымда Мәскеуде өтетін акционерлердің жылдық жиынында сайланбақ.
Бұдан бұрын Ресей үкіметі сегіз үміткерді бекіткен. Олардың қатарында Құлыбаевтан бөлек Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов, Ресейдің бұрыңғы бірінші вице-премьері Виктор Зубков, Газпромбанк басқарма төрағасы Андрей Акимов, «Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер, Ресей ұлттық шаруашылық академиясының ректоры Владимир Мау, РФ Мүліктік қатынас экс-министрі Фарит Газизуллин және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті заң факультетінің кафедра жетекшісі Валерий Мусин бар.
Бұлардан бөлек аталған тізім тағы үш үмткермен толықты. Олар «Газпромның» директорлар кеңесіндегі өкілдері болмақ. Атап айтқанда, экономикалық сараптама және бағаны қалыптастыру департаментінің бастығы Елена Карпель, басқарма төрағасының орынбасарлары Виталий Маркелов және Михаил Середа.
Дереккөз: BAQ.KZ