Атырау, 12 қазан 15:48
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Әкімдік прокуратурамен келіспейді

2 041 просмотра

Бүгін, 5 ақпанда апталық брифингте облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВ Исатай аудандық прокуратурасының бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан ақпаратын ресми түрде теріске шығарды.

Атап айтқанда, Қызылүй ауылында мектеп оқушыларының асханасы жоқ 4 бөлмелі тұрғын үйдің бейімделмеген ғимаратында оқып жатқандығы туралы.

– Қызылүй селосында 1986 жылы алаңы 216 шаршы метр болатын шағын жиынтықты типтік ғимарат салынды. Оның тиісті мемлекеттік актісі, техникалық төлқұжаты мен санэпидқадағалау органдарының рұқсаты бар. Бүгінгі күні ол жерде 47 адам оқиды, асхана үшін орынжай бөлінген, - дейді Қ. Тарбаев. – Бұдан басқа, әкімдік прокуратура таратқан ақпаратқа қарамастан, санэпидқадағалау органдарының Исатай ауданындағы емдеу мекемелерінің қызметін тоқтату туралы қорытынды бермегенін ресми түрде мәлімдейді. 4 ақпанда біз облыстық прокуратураға ресми сұраныс жібердік, 10 күндік мерзімде жауабын күтеміз.

«АЖ»-ның таяуда ғана қаржы полициясы қамауға алған облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВ айналысқан мәселелерге енді кім жетекшілік етеді деген сұрағына баспасөз хатшысы:

- Бұл жағдайға қатысты жақын арада әкімдік ресми мәлімдеме жасайды, - деп хабарлады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 ақпан 2013, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.