Атырау, 25 қараша 08:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

50 жылда ел жаңарар еді

2 930 просмотра

Исатай аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау және білім беру саласының бірнеше қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Тексеру барысында аудандағы 14 денсаулық сақтау нысандары медициналық техникамен 53,4 пайызға жарақталғандығы, олардың бірде біреуінің санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Оның үстіне бұл салада кадрлардың өте тапшы екендігі байқалады. Мәселен, 1164 тұрғыны бар Зинеден және 1266 тұрғын мекендейтін Исатай ауылдарында бірде-бір дәрігер жоқ. Ал 1501 тұрғыны бар Нарын ауылының тұрғындарына онсыз да жұмысы көп Жанбай селосының дәрігері қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, тергеу барысында Исатай мен Нарындағы дәрігерлік амбулаториялардың екі қызметкері медициналық комиссиядан және вирустық гепатитке қарсы вакцинациялаудан өтпегендігі анықталды. Ал Мыңтөбе селосындағы медицина қосынында сумен қамту жүйесі де, электр энергиясы мен кәріз жүйесі де жоқ екен.

Білім беру саласында да санитарлық нормаларға қарама-қайшы жайттар анықталды.

- Мәселен, Қызылүй елді мекеніндегі мектепте асхананың жоқтығынан оқушылар тамақты сыныптарында ішкен, - дейді аудан прокурорының орынбасары Аслан ТҰРҒАНОВ. - Ал 200 оқушы оқитын Жасқайрат ауылының мектебінде акт залы жоқ. Спорт мүліктерінен - 4 матрац пен 1 гимнастикалық снаряд қана бар. Мектептегі 10 компьютердің төртеуі ғана жарамды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан 2013, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.