"Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаменті мына тұлғаны:
РЫСКАЛИЕВ Бергей Саулебаевич, 21.01.1967 жылы ҚР Атырау облысы Мақат ауданда туған, ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б, г» тармағы, 176–бабы 4-бөлімі «б» тармағы, 307-бабының 4-бөлімінің тармағымен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін іздестіруде (24.08.2012 жылғы №12002305100001 қылмыстық іс, 25.01.2012 жылғы №13230005410001 іздестіру ісі, бұлтартпау шарасы «қамау», іздестіру түрі «мемлекетаралық»), Құжаттары: төлқұжат №4507171 ҚР ІІМ 08.04.2005 ж. берген, жеке куәліктері: ҚР ІІМ берген, 07.04.2005 жылғы №016781004 және 06.01.2012 жылғы №032750602.
Ұлты: қазақ, білімі: жоғары.
Белгілері: бойы 170-175 см, тығыз денелі, шашы қара түсті, қысқа, көзі орташа, мұрны таңқы, түзу, орташа, екрні орташа қалыңдықты.
Іздестірілушіні анықтаған немесе оның орналасуы мүмкін жерлері туралы қандай да болмасын ақпарат алған жағдайда, іздеу бастамашысына мына мекен-жайға хабарлау қажет: 030019, Қазақстан, Атырау қ., Темірханов көшесі, 2, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), телефондары: 8(7122) 32-24-22 (іздестіру тобы), 32-24-21, 35-42-85 (кезекші бөлім).
«АЖ» редакциясынан:
Бізге қаржы полициясы департаментінде түсіндіргендей, мемлекетаралық іздеу – бұл мемлекеттен (іздеу бастамашысынан) тысқары жерде, бірақ ТМД-ға қатысушы елдердің аумағынан іздестірілетін тұлғаларды табуға бағытталған іздеу түрі екен.
Ал халықаралық іздеуді (Интерполдың Ұлттық орталық бюросы арқылы), егер қаржы полициясында іздестірілуші тұлғаның шекараны кесіп өтіп, алыс шетелге шығып кеткендігі туралы ресми мәлімет бар болған жағдайда ғана жариялайды.
Осылайша, Рысқалиев Бергей Сәулебайұлын Лондоннан, Венадан немесе Таллиннен емес, тек ТМД кеңістігінен ғана іздестірмек.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА