22 тамыз сағат 18.50-де Махамбет ауданының аумағындағы «Атырау-Орал» трассасында көлік апаты болып, бірден үш адам қаза болды.
"КамАЗ" мен «ВАЗ-21015» бетпе-бет соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ, оның 67 және 43 жастағы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба