Атырау, 23 қараша 06:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ИЖТМ геология комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Сайдуақасов ірі көлемдегі ұрлау күдігі бойынша қамауға алынды

2 500 просмотра

АСТАНА, 5 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қаржы полициясы агенттігі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады, деп хабарллады Қаржы полициясының баспасөз қызметі. 

2012 жылғы 15 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Востказнедра» Шығыс-Қазақстандық аймақаралық аудандық департаментінің лауазымды тұлғалары мен «Геолого-разведочная компания «Топаз» ЖШС-нің басшылығына қатысты Қазақстан мен Қытайдың шекаралық аумақтарының геологиялық құрылымын кешенді зерттеудің геологиялық және минерагеникалық карталарын жасауға бөлінген 40 млн.теңге бюджет қаражатын 2009-2011 жылдар аралығында ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

«Тергеу барысында аталған қылмысқа Индустрия және минералды ресурстар министрлігі (қазір Индустрия және жаңа технологиялыр министрлігі) Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары М.Сайдуақасовтың қатыстылығы анықталды. Ол 28 қаңтарда ұсталып, оған бюджет қаражатын ұрлау және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша айып тағылды», - делінген хабарламада. 

Ақпанда Сайдуақасов сот санкциясымен қамауға алынды. 

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Дереккөз: newskaz.kz

5 ақпан 2013, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.