Атырау, 23 қараша 06:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент 2013 жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды

1 998 просмотра

АСТАНА, 4 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды, деп хабарлады дүйсенбіден мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

«Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің және өзге іс-шаралардың нәтижесінде «БТА Банк» АҚ-ның сыртқы қарызы 9 млрд. доллардан 750 млн. долларға дейін қысқарғанын, қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап  өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы биылғы жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты.

Кеңесте банк секторының, зейнетақы реформасының жай-күйі және мұнай-газ саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген және «Қазақстан-2050» Стратегиясында қарастырылған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев банк жүйесіндегі сыртқы қарыздарды төмендету жөнінде бірқатар шара қабылданғанын және бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Дереккөз: newskaz.kz

4 ақпан 2013, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.