Атырау, 25 қараша 08:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бізде бәрі жазулы тұр

1 737 просмотра

Облыстық әкімдіктің ақпан айының басында «Аджип ҚКО»-ның мердігер компанияларымен жасасқалы отырған меморандумдары 875 адамды жұмыспен қамтуы керек.

- 4 ақпаннан бастап «Аджип ҚКО»-ның «Іскер», «Теміржолқұрылыс Атырау» және «Казстройсервис» сияқты компанияларымен меморандумға қол қою жоспарланып отыр, - дейдіжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА. - Әңгіме Батыс-Ескене теміржол тарамдарын салу жобысы туралы болып отыр.

Сонымен қатар, қаңтардың аяғында облыс басшылары 13 шетелдік компания өкілдерімен кездесуінде Қазақстандықтарды жұмыспен қамту ниеттері туралы хаттама таратқан болатын. Осы құжатқа сәйкес, 487 отандасымызға, көбі – «Болашақ» жобасынан босағандарға, жұмыс беру жоспарлануда. Хаттама шетелдік компанияларға шетелден жұмыс күшін тартуда берілетін «рұқсат берудің ерекше талаптарын» орындау аясында әзірленген.

- Біз олардан мамандықтар мен бос орындар тізімі бойынша ұсыныстар күтудеміз, - дейді Г. Аманғалиева. – Барлық 13 компания Хаттамаға ақпанның алғашқы күндерінде қол қояды деп жоспарлануда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 ақпан 2013, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.