Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Моңғолия ІІМ әскери мәртебесі бар Еуразия құқық қорғау органдарының қауымдастығын құру туралы келісімге қол қойды. Меморандумға аталған елдердің ішкі әскер қолбасшылары Бакуде 2013 жылғы 24-27 қаңтар аралығында қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Құрылған жаңа халықаралық ұйым әскери қызметшілердің қызметін, әскери-техникалық ынтымақтастық, айырбастау және озық тәжірибені тарату ісін жетілдіру мен дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді», – делінген хабарламада.
Кездесу соңында әскери мәртебесі бар Еуразия құқық қорғау органдарының қауымдастығы символдарды төрағалық етуші – Түркия жандармериясының бас қолбасшысына тапсырылды.
Дереккөз: bnews.kz