Атырау, 10 қазан 17:21
 ашықВ Атырау +9
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қоғам белсенділері Мақат ауданындағы зауыт үшін Жайық суын пайдалануға қарсы

2 013 просмотра

11 тамызда атыраулық қоғам белсенділері «Атырау облысы Азаматтық альянсының» мәжіліс залында брифинг өткізді. Олардың айтуынша, Мақат ауданында салынып жатқан құны 1 миллиард долларлық газ өңдеу зауыты Жайықтың тұщы суын өндірістік мақсатта пайдаланбақ, ал олар бұған қарсы.

Атырау-Мақат су құбырына ойым жасай бастағанда, аудан тұрғындары наразылық білдірген соң, жұмысты уақытша тоқтатқан болатын, бірақ ол ұзаққа бармады.

Ең алдымен өзен деңгейінің төмендеуі және тұрғын үй секторына судың нашар берілуі жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды. «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина ЧЕРНОВАНЫҢ пікірінше, жұмыстар басталар алдында жергілікті тұрғындармен, жұртшылықпен және БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылуы керек еді.

- «Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау қондырғысының» құрылысы туралы 2020 жылғы 30 қазандағы жиналыс хаттамасында зауытты салып жатқан жеке инвестор «GPC Investment» ЖШС Астрахань-Маңғышлақ магистралды су құбырының суын пайдаланады деп көрсетілген. Ал қазір олар Жайықтан келетін тұщы суды пайдаланбақшы, алайда біздің өңірде онсыз да судың тапшылығы сезіліп отыр, - дейді Г.Чернова. - Компания Атырау-Мақат су құбырына қосылуға рұқсатты «Атырау облысы Су арнасы» КМК-нің бергеніне сілтеме жасап отыр, бірақ мұндай маңызды мәселер сол деңгейде шешіле ме? Біз Атырау-Мақат су құбырын пайдалануға техникалық шарт беру туралы шешімнің күшін жоюды және сумен жабдықтау бөлігі бойынша осы жобадағы мемлекеттік сараптама келісімін кері қайтарып алуды талап етеміз.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын газ өңдеу зауыты 2021 жылдың соңына дейін Мақат ауданында, «Болашақ» МГКДҚ-нан солтүстік -шығысқа қарай 12 шақырымда және Ескене теміржол станциясынан оңтүстікке қарай 5 шақырымда салынатыны хабарланған болатын. Оны жеке инвестор «GPC Investment» ЖШС салып жатыр, инвестиция көлемі - 860 млн доллар.

Брифингтен кейін біз «GPC Investment» ЖШС-нің жоба бойынша техникалық жетекшісі Болат САҚТАҒАНОВҚА хабарластық. Оның айтуынша, бұл жұмысты «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның филиалы «Атырау магистральды газ құбыры басқармасы» жүргізуде.

- Біз жұмыс көлемін бөлдік - вахталық поселкені біз саламыз, ал инфрақұрылымды – «Интергаз Орталық Азия» салады, - дейді Б.Сақтағанов. - Атырау-Мақат құбырынан келетін суды Ескенедегі вахталық поселке үшін пайдалану жоспарлануда, онда зауыт жұмысшылары тұрады. Ал әзірге оны құрылысшылар пайдаланады. Бірақ пайдалануға берілгеннен кейін бұрын жоспарланғанындай, зауыттың өндірістік қажеттіліктері үшін Астрахань-Маңғышлақ магистралды су құбырының суы пайдаланылады.

«Атырау облысы Су арнасы» КМК баспасөз қызметі «АЖ»-ның сауалына былай деп жауап берді: шын мәнінде Мақат ауданында «Газды кешенді дайындау құрылысы» нысаны бойынша «GPC Investment» ЖШС мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы «Атырау» МГБ техникалық шарттар берді. «GPC Investment» үшін сұралған көлем тәулігіне 440 текше метрді, «Атырау» МГБ үшін тәулігіне 60 текше метрді құрайды.

- «GPC Investment» ЖШС көлемі 100 текше метр резервуарларды орнатады, ауыз су түнгі уақытта толтырылады. Ал одан кейін осы кәсіпорындардың нысандарына су тиісті тазартудан кейін қаланың сол жағалау бөлігінің КТҚ-нан беріледі, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Атырау облысы Су арнасы» құрылысы жүріп жатқан зауыт үшін Атырау-Мақат құбырынан аз мөлшерде суды пайдалану Мақат ауданын сумен қамту жағдайына көп әсер етпейді деп санайды:

«Мақат ауданына (Мақат, Доссор, Ескене поселкелері) ауыз су Атырау қаласының су тазарту құрылғыларынан диаметрі 630 мм «Атырау - Мақат» магистралды су құбыры арқылы беріледі. Мақат ауданына күнделікті су беру - 7500 текше метр. Ауданда ауыз су қорын сақтауға арналған резервуарлар бар: Ескене ауылында - әрқайсысының көлемі 5000 текше метр болатын 2 резервуар, Доссор поселкесінде - әрқайсысының көлемі 5000 текше метр болатын 2 резервуар, Мақат поселкесінде - әрқайсысының көлемі 3000 текше метр болатын 2 резервуар мен әрқайсысының көлемі 2000 текше метр болатын 4 резеруар. Қазіргі уақытта резервуарларды ауыз сумен қамтамасыз ету 12500 текше метрді құрайды».

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 тамыз 2021, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.