Атырау, 23 қараша 06:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі тексеріле бастады

3 235 просмотра

Азаматтық авиация комитеті CRJ маркалы ұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларға жоспардан тыс тексеру жүргізе бастады, деп BNews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

«Азаматтық авиация комитеті 29 қаңтарда Алматы түбінде орын алған әуе апатына байланысты CRJ маркалы ұшақтарды пайдаланатын әуе компанияларға жоспардан тыс тексеру жүргізе бастады», - делінген ақпаратта.

ҚР ККМ хабарлағандай, ағымдағы жылдың қаңтар айында Бас көлік прокуратурасымен бірігіп жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниялардың қызметіндегі ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуы тексеріле бастады.

Ведомство мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 7 әуе компаниясы тексерілді. Сондай-ақ, I тоқсанда 24 әуе компаниясын тексеру жоспарланып отыр.

«ҚР ККМ азаматтық авиация комитетінің мамандары әуе кемелерін бекітілген кестеге сәйкес тексереді. Және Қазақстанның әуе компаниялары нормаларға сәйкес ұшақтардың техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылап тұрады», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

Дереккөз: bnews.kz

1 ақпан 2013, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.