Атырау, 22 қараша 23:42
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мехикода мұнай компаниясының штаб-пәтерінде жойқын жарылыс болды, 15 адам ажал құшты

2 056 просмотра

Мексика астанасы Мехиконың мұнай-газ өндіру саласындағы «Пемекс» мемлекеттік компаниясында жойқын жарылыс болды.

Салдарынан 15 адам қаза тауып, 80-нен астам адам түрлі жарақат алды. Оқиға орнында құтқару жұмыстарына полиция, дәрігерлер және бірнеше тікұшақтар жұмылдырылды. Құтқарушылар үйінділер астында қалған адамдарды іздестіруде. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Болжамды ақпараттарға сүйенсек, апат салқындатқыш құралдың қатты қызып кетуінен болуы мүмкін. Оқиға орнына ел президенті Энрике Пенья Нието мен ішкі істер министрі Мигель Анхель Чонг елдің бас прокуроры Хесус Мурильо Карам барды. Естеріңізге салайық, бұндай оқиға «Пемекс» ірі компаниясында алғаш болып отырған жоқ. Өткен жылдың қыркүйек айында да жойқын жарылыс болып, ондаған адамның өмірі қиылған.

Дереккөз: 24.kz

1 ақпан 2013, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.