Атырау, 27 желтоқсан 07:05
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Назарбаева ҰБТ немесе емтихан тапсыруды түлектердің қалауына беруді ұсынды

2 589 просмотра

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева ҰБТ немесе емтихан тапсыруды түлектердің өздері таңдауына мүмкіндік беруді ұсынды. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлап отыр.

«Барлық түлектердің оқу жылының соңында ҰБТ немесе кешенді тестілеу тапсыруды өзі таңдау құқығын заңмен бекітуді қарастырған жөн сияқты», -  деді Д.Назарбаева бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, жоғарыдағы мәселе шешімін тапса түлектер өз қалауы бойынша мектепте емтихан тапсырып, сосын сол жылы кешенді тестілеуден өту арқылы ЖОО-ға түсе алатын еді. Ал бірден ҰБТ тапсырғысы келсе оған да ерік берген жөн.
«Осындай қадам демократияға неғұрлым жақындау және ҰБТ төңірегіндегі дүрбелеңді азайтқан болар еді», -  деді депутат.

Сондай-ақ, Д.Назарбаева ҰБТ өткізудің технологиясын жетілдірудің «тізесі шыққан» тақырыпқа айналғанына да тоқталды.
«Қазір балаларға балқылауды күшейтуге шұқшия бермей, мәтіндік тапсырмалардың сапасын арттыруды қолға алу керек», - деді ол.

Дереккөз: BAQ.kz

31 қаңтар 2013, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.