Атырау, 23 қараша 00:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Армения президенттігіне үміткерді атып кетті

1 617 просмотра
 
Президенттікке кандидаттардың бірі - Паруйр Харикянді Ереванның орталық көшелерінің бірінде белгісіз біреу атып кетті. Саясаткер жараланып, ауруханаға түсті.

Азаттық радиосы Армян қызметінің хабарлауынша, оқ 63 жастағы саясаткердің иығынан тиген, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қылмысты тергеу шараларын бастады.

Кеңес одағы тұсында Паруйр Харикян тыйым салынған саяси ұйымда болғаны және рұқсат етілмеген газет шығарғаны үшін 11 жылын лагерьде өткізген. Сарапшылар оны алда болатын сайлаудағы басты қарсыластардың бірі деп санайды.

Армян саясаткерлерінің көпшілігі, оның арасында премьер-министр Тигран Саркисян да ауруханаға барып, оның жағдайын білді. Премьер саясаткерге жасалған қастандықты айыптады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 ақпан 2013, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.