Атырау, 23 қараша 07:16
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

CRJ-200 штаттық ұшуына бөгделердің араласуы құлауға себеп болды деген нұсқа жоққа шығарылды

1 807 просмотра
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - CRJ-200 штаттық ұшуына бөгделердің араласуы құлауға себеп болды деген нұсқа, яғни біреудің қасақана әрекеті нұсқасы жоққа шығарылды, деп хабарлайды ҚР БКП-ның баспасөз қызметінен.

29 қаңтар күні Бас көлік прокуроры ұшақтың құлауы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 295 бабының 3 бөлімімен (екі не одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғады.

БКП-ның арнайы прокурорының басшылығымен Ведомствоаралық тергеу тобы жұмысын жалғастыруда, оған Алматы қаласының арнайы прокурорлары мен Алматы қаласының көліктегі ішкі істер департаментінің тергеушілері қатысуда.

Сот-медициналық сараптамалар мен тану өткізілген соң туыстарына қаза тапқан барлық адамдардың мүрделері берілді.

Оқиға орнында болған Бас көлік прокуроры И.Тілеуғалиев мынадай түсінік берді:

- CRJ-200 штаттық ұшуына бөгделердің араласуы құлауға себеп болды деген нұсқа, яғни біреудің қасақана әрекеті нұсқасы жоққа шығарылады. Ұшақтың құлауының екі нұсқасы қарастырылуда: адами фактор немесе әуе кемесінің техникалық ақауы.

Іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2013, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.