Атырау, 23 сәуір 21:56
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ассандж Австралия Сенаты сайлауына қатыспақшы

1 523 просмотра

«Викиликс» ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассандж биылғы жылға жоспарланған Австралия Сенаты сайлауына қатысуға шешім қабылдаған. Бұл туралы сәрсенбі күні «Викиликс» өкілдері хабарлады, деп жазады Итар-ТАСС.

Қазіргі уақытта Ассандж Лондондағы Эквадор елшілігінде тұрып жатыр.

«Твиттер» сайтындағы «Викиликс»-тің шағын блогында кеше кешке қарай «Джулиан Ассандж 2013 жылы өтетін Австралияның Сенат сайлауына қатысатынын растады», деген хабарлама шықты. Бұған дейін елдің премьер-министрі Джулия Гиллард 14-ші қыркүйекте Парламент сайлауы өтетінін мәлімдеген.

Ұйым Ассандждың «Викиликс» тізімі бойынша Жоғарғы Палата сайлауына түсетінін атап көрсетіпті.  Былтырғы жылы ол Австралия сайлау комиссиясында ұйыммен аттас саяси партияны тіркемек ойы бар екенін айтқан болатын.

Партияны тіркеу үшін «Викиликс» өкілдері 500 сайлаушының қолын жинауы керек. Австралия заңы бойынша егер Ассандж Сенатқа өтіп, бірақ шетелде болуына байланысты оның жұмысына қатыса алмаса, ол өзінің атынан басқа адамды ұсына алады.

Британдық БАҚ-тар Австралияда Ассандждың беделі басым екендігін жазыпты. Бірақ «Викиликс» ұйымының негізін қалаушының Сенатқа сайланса да оның Ұлыбританиядағы мәртебесінің қалай болары екіталай. Олар Ассанджды Швецияға бермекші.

Ассандж Швецияға беру АҚШ-қа департациялау жоспарының бір бөлігі деп санайды. Ол жақта Ассанджға "шпионажбен айналысты"  деген айып тағылып, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, тіпті өлім жазасы тағайындалуы да ғажап емес.

Дереккөз: bnews.kz

31 қаңтар 2013, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.